Get Mystery Box with random crypto!

Қытайдағы Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы ашық көмір кеніш | Жаңалықтар 🇰🇿

Қытайдағы Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы ашық көмір кенішінің бірінде апат болып, 2 адам қаза тапты, 6 жұмысшы жараланды, тағы 53 кенші шахтаның шеті опырылып, құлаған үйінділер астында қалып қойған. Олармен байланыс жоқ. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған 500-ге жуық маман жұмылдырылған. Сондай-ақ іздеуге ауыр техникамен бірге иттер де тартылып жатыр.
Жергілікті билік апатқа қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады. Кенді игеруші компания бұған дейін де осындай әрекеттері үшін жауапқа тартылыпты.
Өткен тәулікте болған лай көшкініне байланысты тоқтап қалған іздеу-құтқару жұмыстары қайта жалғасты. Соңғы мәліметке қарағанда, шахтаның құлауынан кемінде 6 адам қаза тапты, 6 адам құтқарылды, 47 жұмысшы жоғалып кеткен.
Айта кетсек, Ішкі Моңғолия - Қытайдағы көмір өндіретін ең ірі аймақтардың бірі. Елде жылу бағасын түсіру үшін мұнда отын өндірісі кейінгі кездері мейлінше күшейтілген.

@qaz365kz