Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ұста | Жаңалықтар 🇰🇿

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ұсталды

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі - ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

@qaz365kz