Get Mystery Box with random crypto!

Путиннің арманы орындалады: Жаңа Қазақстан 'газ одағын' құруға | Жаңалықтар 🇰🇿

Путиннің арманы орындалады: Жаңа Қазақстан "газ одағын" құруға қадам жасады...

Qazaq Gaz ұлттық компаниясы "Газпромның" алдына өзі барды.

Біздікілер ресейлік монополиске Қытайға жетіп жығылатын жаңа газ құбырының құрылысын жүргізуді ұсынған.

Мәскеу мен Бейжіңнің арасын жалғайтын жаңа транзитті бағыт Қазақстанның аумағын басып өтеді.

Qazaq Gaz осының есебінен еліміздің шығыс өңірін газдандырып алмақ.

"Шығыс Қазақстанның территориясын түгел қамтитын транзиттік бағыт тек осы өңірмен шектеліп қалмай, оған жапсарлас орналасқан аймақтарға да септігін тигізеді. Жобаның кем-кетігі жоқ, екшеліп-текшелді, есеп-қисабы жасалды...", - дейді Qazaq Gaz-дағылар.

Ресейлік компания қазақтардың ұсынысына бірден қабыл алмай, ойланып-толғануға мұрсат сұрапты.

Есесіне ресейлік телеграм-арналар бөркін аспанға атып, ақжолтай жаңалықты Путиннің кезекті жеңісіне балауда.

"Бұл келісім екі елдің Үкіметі деңгейінде әлдеқашан шешілген. Қазақтардың теріскей пен шығысты өз газымен қамтамасыз ететін қауқары жоқ. Әдеттегідей, біз оларға қол ұшын созамыз...", - дейді ресейлік пропаганда.

Dalainside мұны "газ одағын" құрудың бастамасы деп санайды. Еуразиялық одақтан кейін тағы бір авантюраға араласқалы отырмыз.

Бұл жайында алдағы күндері анық-қанық айтатын боламыз. Арнаға тіркеліп алыңыз

https://t.me/dalainside