Get Mystery Box with random crypto!

“Ботқа фрутоняня, сүт с бананом және яблоком бірі сұлы, ұн...“ | Жаңалықтар 🇰🇿

“Ботқа фрутоняня, сүт с бананом және яблоком бірі сұлы, ұн...“: Жапсырмалардағы жарнама бір ай ішінде түзетілетін болды

Жуырда qaz365.kz редакциясы Өскемендегі "INMART" дүкені сөрелеріндегі жазулар қатеге тұнып тұрғандығы туралы мәселе қозғаған еді.

Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығы «INMART» сауда нысаны Өскемен қаласы желілерінің басшысына тауарлық жапсырмалардың, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың барлық мәтiндеріндегі орфографиялық қателіктерін жоюға 1 ай уақыт беріліп, бөлім мамандарының қатаң бақылауына алынғандығын хабарлады.

Бір айдан соң тілшіміз аталған дүкенге қайта барып, қателіктердің түзелгендігіне көз жеткізетінін де ескерте кеткеніміз жөн.

@qaz365kz