Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар ҰБТ-ға қайта өтініш беру. app.testcenter.kz сайтына кі | ҰБТ_140 ²⁰²²

Қаңтар ҰБТ-ға қайта өтініш беру.

app.testcenter.kz сайтына кіріп, жеке кабинетіңізге кіресіз.

Екі нәрсе жасайсыз:
1. Өтінішті жою
2. Қайтадан басынан өтініш бересіз

Ескерту:

1. ҰБТ уақытын ауыстырғыңыз келетін датада орын бар ма екенін біліп алыңыз. Әйтпесе, орын болмай қалып, ҰБТ-ға қатыса алмай қалуыңыз мүмкін.

2. Төлем автоматты түрде есептеледі. Бұның алдында Қаңтар ҰБТ-ға тіркеліп, төлем жасаған болсаңыз, сол төлем есептеледі.

Бірінші өтінішті жойып, қайта өтініш бергенде екінші рет төлем алынбайды.

——————————————————————
Тестцентр көп оқушылардікін өзі автоматты түрде күнін өзгерткен. Ол оқушыларға бұл қажеті жоқ.
Бұл нұсқаулық тек қана күні ауыстырылмай қалғандарға.
Немесе бұл нұсқаулықты жай ғана күнін ауыстырғысы келетіндер қолданса болады.
Егер Қаңтар ҰБТ-ға әлі тіркелмеген болсаңыз, қазір тіркеле берсеңіз болады

#дереккөз: joo.kz