Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ тапсырған түлектерден оқушыларға «аузы күйген» кеңес  «А | ҰБТ_140 ²⁰²²

ҰБТ тапсырған түлектерден оқушыларға «аузы күйген» кеңес

 «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген сөз бар. ҰБТ-дан көңілдегідей балл жинай алмай қалғандардың айтары бар. Олар өздері сияқты қателік жасамауы үшін іні-қарындастарына мынадай кеңес айтады. 
  1. ҰБТ-ға бір жыл бұрын дайындал!
  2. Бірінші кеңесті еске салып тұратын досың болсын. 
3.ҰБТ-ға дайындықтың өзіңе арналған жоспарын жаса. Мысалы, оқу сауаттылығын жақсы білсең, оған уақыт құртпа. Математикалық сауаттылықтан жақсы білетін тақырыптарыңды қайталап оқу қажет емес. Білмейтін тақырыптарыңды оқу жоспарына кіргіз. 
4. Сынақ емтихандарында жиі қате жіберетін сұрақтарға арнайы дайындал. 
5. Таңғы 6 мен 8 арасындағы уақыттың берекесін пайдаланып қал. Ұйқың қанбауы мүмкін. Ол үшін тым болмаса түнгі 12-де ұйқыға жат. Сосын күндіз 1 мен 3 арасында 20 минут мызғып ал. Аз ұйықтап жүрген сияқты азғыру ойлар келіп жатса, мынаны есте сақта: аз ұйқыдан өлген адам жоқ. Көп ұйқыдан өлген адам көп. 
6. 45 минут сайын 15 минут демалыс жаса. Спорттық жаттығу жасасаң, кәдімгідей жаның жадырап қалады. 
7. Мақсатқа жету үшін қолыңда бар мүмкіндікті түгел пайдалан. Курсқа да қатыс, мұғалімнен де үйрен, онлайн сабақ та қара.