Get Mystery Box with random crypto!

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ | ҰБТ_140 ²⁰²²

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» білім беру бағыттары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар сұраныста.

Грантқа үміткерлер арасында 8 мыңнан астам «Алтын белгі» иегерлері, 800-ден астам халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың 520 жеңімпазы бар. Ұпайлар тең болған жағдайда, олардың басым құқығы болды.

Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Грант иегерлерінің тізімі

@bilim_jane_gylym