Get Mystery Box with random crypto!

Қазіргі бала - ертеңгі елдің болашағы. Балалардың жарқын бола | Zello Kulsary06 "Құлсары"

Қазіргі бала - ертеңгі елдің болашағы.

Балалардың жарқын болашағы үшін кішкентайынан тәлім-тәрбие мен сапалы білімді бойына сіңіре білуіміз қажет. Бұл жұмыстарды атқаруда балабақшалардың үлесі зор.

«Теңізшевройл» мекемесі «Игілік» бағдарламасы аясында Атырау облысында 100-ден астам инфрақұрылымдық жобаны іске асырды. «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың жартысы Жылыой ауданында.

«Теңізшевройл» мекемесі Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында және ауылдық округтерге 8 балабақша салып, мемлекет балансына берді. Олар: Жаңа Қаратоннан 280 орындық, Ақкиізтоғай ауылынан 160 орындық, Қосшағыл ауылынан 160 орындық, Тұрғызба ауылынан 160 орындық, Майкөмген ауылынан 100 орындық және Құлсары қаласында 290 орындық 2 балабақша.