Get Mystery Box with random crypto!

#Repost @zelo_tengiz —— ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ЖАСТАРҒА «ҚОНАҚЖАЙ СПИКЕР» | Zello Kulsary06 "Құлсары"

#Repost @zelo_tengiz
——
ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ЖАСТАРҒА «ҚОНАҚЖАЙ СПИКЕР» ЖӘНЕ «SPEAKING CLUB» ЖОБАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Жылыой ауданындағы Т.Байсырымов атындағы гуманитарлық колледж студенттеріне «Қонақжай спикерлер» келіп, кездесу өткізді.

«Теңізшевройл» компаниясының әр саласындағы білікті мамандары студенттермен өз тәжірибелерін бөлісіп, жұмыс барысында қолданатын, өздеріне үлкен пайда әкелген методикаларын айтты.

Сондай-ақ, әр апта сайын аудан жастарына арналған «Speaking club» өтуде. Бұл жастардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге және ағылшын тілі деңгейін арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Аталған жобалар «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, ТШО-ның «Теңіз Жүрегі» жобасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

#tco #tengizchevroil