Get Mystery Box with random crypto!

Ауғанстаннан Қазақстанға оралып, Ақмола облысына қоныс құрған | Zamanayi Qazaqstan

Ауғанстаннан Қазақстанға оралып, Ақмола облысына қоныс құрған Шерали Узбакидің отбасы ашық сұхбат берді.

Облыста бірнеше қандастар отбасы тұрады: 10 адамнан тұратын бір отбасы облыс орталығы Көкшетау қаласында тұрса, қалғандары – Атбасар, Бурабай және Сандықтау аудандарына ат басын бұрған.
"Барлық ересектер жұмыспен қамтылады. Балаларды мектеп пен балабақшаларға орналастырамыз. Әр отбасы мүшесіне 70 АЕК, яғни 204 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарлануда. Қаржылық қолдау жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерге бір жылға дейін берілетін болады”, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Қамидолла.