Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысының тұрғыны әйелін аяусыз ұрып-соғып, қабырғалары | Zamanayi Qazaqstan

Алматы облысының тұрғыны әйелін аяусыз ұрып-соғып, қабырғаларын сындырған. Онымен қоймай, қатты соққыдан көз жұмған әйелінің мәйітін Үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген

Мұрат Юсупов өткен жексенбіде болған көріністі қорқынышпен еске алады. Үлкен Алматы арнасы маңындағы зауытта жұмыс жасайтын ол, сол күні таң атысымен өзенге келіпті. Зауытқа қарай аққан суды бөгемек болған.
“Басы судың ішінде жатыр. Денесі мен аяғы судан шығып тұр. Дереу мәйіт екенін білдім. Үстінде іш киім ғана болды. Түрін көрмедім. Жемпірмен жабық болды. Әйелді көрген кезде шошып кеттім. Хабарласа алмай дірілдеп, ақырында полицияны шақырдым. Олар келіп, денені алып кетті”, – дейді ол.
Жергілікті тұрғындар әйелдің денесі адам шошырлық жағдайда болды дейді. Біреудің аяусыз ұрғаны анық байқалды деп отыр.
“Мәйіт ісініп кеткен. Беті-аузы ісіп, көгеріп. Былтырда осы жерде бір әйелдің денесі табылып еді”, – дейді Еңбекші қазақ ауданының тұрғыны Анатолий.
Полиция тергеу кезінде марқұмның жеке тұлғасын анықтаған.