Get Mystery Box with random crypto!

Қостанай қаласының тұрғындары қала мектептерінің бірінде Манту | Zamanayi Qazaqstan

Қостанай қаласының тұрғындары қала мектептерінің бірінде Манту сынамасынан кейін 9 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарламаны бір біріне таратуда

Әлеуметтік желілерде тараған аудиохабарламада, ер адам дауысы Қостанай мектептерінің бірінде балаларға құпия түрде екпе салғаны жөнінде айтады. Оның айтуынша, екпеден кейін бір бала қайтыс болып, тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр.
"Бүгін балаларға екпе жасалды, бұл Манту болуы мүмкін. Юркамен бірге бір сыныпта бір балақай оқиды, оқыған... Оған екпе салған, сонан соң үйіне келгенде қызбасы көтеріліп, жағдайы ауырлаған. Кейін бала жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болды. Баланың жасы бар болғаны 9 жаста болды, ол вакцинадан қайтыс болды, тағы үш бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Осы оқиғаның барлығы Қостанайдағы №7 мектепте болып жатыр", – деп мәлімдейді белгісіз азамат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратылған хабарламаға қатысты бірден мәлімдеме жасады. Анықталғандай, таратылған ақпарат – фейк болып шықты.