Get Mystery Box with random crypto!

Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі | Zamanayi Qazaqstan

Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі парақшасында алғаш рет үн қатты. Ол адамның алдында да, Алланың алдында да ары таза екенін мәлім етті

Ол алдағы уақытта бұл іске қатысты шындықты заң органдары ашады деп сенім білдірді. Қабатов қиын кезеңде өзіне және отбасына қолдау білдірген халыққа алғыс білдірді.
"Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны, жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым таза!
Алдағы уақытта құқық қорғау органдары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-буыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын!", – деп жазба қалдырды ол.