Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда 21 жастағы қыз “зорладың” деп айып тағамын деп шымкен | Zamanayi Qazaqstan

Атырауда 21 жастағы қыз “зорладың” деп айып тағамын деп шымкенттік жігіттен 2 млн теңге бопсалаған

Алғашында оның 2 млн теңгесін алып, кейін одан тағы да 1,5 млн теңге талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, көмек сұраған. Қыз оны “зорлау” фактісі бойынша іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Жігіт қызды Шымкент қаласына алып барып, тіпті ата-анасымен таныстырғанын айтты.

Полиция қызды жігіттен 500 мың теңге алып жатқанда ұстаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.