Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл | Zamanayi Qazaqstan

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Төртінші толқын қаупі төніп тұр, оған дельта штамы себеп, оны үнді штамы деп те атайды. Біз «жасыл» аймаққа өткенде ауру көрсеткіші тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Осыған байланысты қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болдық», - деді Бекшин