Get Mystery Box with random crypto!

Әлем ғалымдары арасындағы жер шарындағы бесінші мұхиттың бар-ж | Zamanayi Qazaqstan

Әлем ғалымдары арасындағы жер шарындағы бесінші мұхиттың бар-жоғына қатысты он жылға созылған дауға нүкте қойылды.

Ұлттық географиялық қауымдастық географы Алекс Тейт бесінші мұхит ғалымдар арасында бұрыннан мойындалғанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген жылдар бойы сарапшылар Антарктида айналасындағы суларға атау қою үшін олардың ерекше сипаттамалары бар-жоғын немесе бұл көрші мұхиттардың жалғасы болуы мүмкін деген пікірталастар болыр келген. Алайда Тейт бұл пікірталастарды «географиялық адасу» деп атады.

Сондай-ақ, National Geographic теңіз атауларын Халықаралық гидрографиялық ұйымның (ХГҰ) үлгісімен қолданады. 1937 жылы ұйым Оңтүстік мұхитты мойындады. Бірақ 1953 жылы бір шешімге келе алмағандықтан, бұл тұжырым ғылыми қоғамдастықтың қысымымен жойылған.

Соңғы жаңалықтар осында