Get Mystery Box with random crypto!

Кербезсің-ау, кербездігің бір əлем, Бас имейтін хан қызына сың | Ынтызардың жазбалары ✨

Кербезсің-ау, кербездігің бір əлем,
Бас имейтін хан қызына сыңар ең.
Мына менің көзімменен қарасаң,
Мына менің сезімімді ұғар ең.

Қойшы, жарар, түсінбейсің кербезім,
Көзіңе де ілмей жүрсің ел көзін.
Тас жүрегің ерігенде хат жолда,
Бірінші боп хат жазбаймын енді өзім.

Мен бірақта қыр соңыңнан қалмаймың,
Өмірімді өміріңе жалғаймын.
Сенің кербез екеніңді білсем де,
Жүрегіме түсіндіре алмаймын.

- деп, оқып бергенде "не дейді құдай-ай" дегенім есімде