Get Mystery Box with random crypto!

Сағынған, аласұрған шақтарыңда ешқашан батпа мұңға: есіңе ал м | Ынтызардың жазбалары ✨

Сағынған, аласұрған шақтарыңда
ешқашан батпа мұңға:
есіңе ал менің саған құштарлығым
басылмас өрт еді ғой ұқсаң, күнім…
Өзіңмен мені әрқашан бір деп білгін,
ерме сен жалғызына жүрдек тілдің,
мұңың жайлы ешкімге ақтарылма.
Мен сенің сеніміңді таптадым ба –
неліктен?
Ойландың ба оңаша жатқаныңда?
Өзің сертті сақтадың да,
мен ғана жаламенен даттадым ба?
Күнәсіз періштесіп жүрсің жатқа,
ал маған дәрменсізсің ақталуға!
…Қалай бұл? Түсінбеймін екеуміздің
(әлде бұл саған мендей батпады ма?)
қор қылып өзімізді жүргеніміз
онсыз да шын досың аз шақта мына.