Get Mystery Box with random crypto!

Бұл өлең маған ыстықтау Көз тартатын көзің неткен тұңғиық, | Ынтызардың жазбалары ✨

Бұл өлең маған ыстықтау

Көз тартатын көзің неткен тұңғиық,
Жанарыңа алғансың ба нұр құйып.
Саған қарай жақындауға шамам жоқ,
Қыр басында тұрғандайсың бір биік.

Биіктен түс кербездігің сол биік,
Маған неге бере салдың сорды үйіп.
Бақытсызбын бақытым бол ол үшін,
Ұсынсаншы жүрегіңнен төр қиып.

Ессіз ғашық болып жүрмін ессізбін,
мендей сені сүйе алады шексіз кім?
Өміріміз өзгеруге дайын тұр,
Көңіліміз жарассыншы тек біздің.

Кербезсің-ау, кербездігің бір əлем,
Бас имейтін хан қызына сыңар ең.
Мына менің көзімменен қарасаң,
Мына менің сезімімді ұғар ең.

Қойшы, жарар, түсінбейсің кербезім,
Көзіңе де ілмей жүрсің ел көзін.
Тас жүрегің ерігенде хат жолда,
Бірінші боп хат жазбаймын енді өзім.

Мен бірақта қыр соңыңнан қалмаймың,
Өмірімді өміріңе жалғаймын.
Сенің кербез екеніңді білсем де,
Жүрегіме түсіндіре алмаймын.

Торғайлық ақын - Саят ƏБЕНОВ