Get Mystery Box with random crypto!

Бұндай адамдарға не дейміз Неге осы таусылғанда көңілді ән | Ынтызардың жазбалары ✨

Бұндай адамдарға не дейміз

Неге осы таусылғанда көңілді әнің,
Мені іздей бастайды екен сенің жаның.
Жасынан жанарыңды айыра алмай,
Басынан бастайықшы дедің бәрін.

Білмеймін,не дейтінін мұндайда адам,
Менің де мың құбылды күнде айналам.
Ақ сезім көгершінім ұшып кетті-ау,
Саған деп қанатына гүл байлаған!

Жауғандай жақсы күндер көктен жақұт,
Дәл қазір өшкен үміт, өткен уақыт.
Жоғалып қалған арман орынына кеп,
Оралып келе ме енді кеткен бақыт!

Бағыңнан бас тартасың текке деме,
Мен көнем, жүректегі от көне ме?
Жолдары қосылмайтын жандармыз біз,
Сол жағы өкінішті...
Өкпелеме.

(с) Рахат Әбдірахманов