Get Mystery Box with random crypto!

Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да тал | Ынтызардың жазбалары ✨

Ойларым менің ойран боп
сарқылып жүрген кезімде,
бұрқан да талқан сезімге
алқынып жүрген кезімде,
жанашырларды қайғыртып
дал қылып жүрген кезімде,
жер менен көктен жай таппай
шарқ ұрып жүрген кезімде,
жолықтың маған, жақсы Адам,
ерекше тұлғаң басқадан.
Осындай сәтте ойлап па ем
кездесемін деп тап саған.

(реакциялатып жіберейік )