Get Mystery Box with random crypto!

Ұзатылды, естідім жыламайды Сезем ол, әлі мені кінәлайды. Біз | Ынтызардың жазбалары ✨

Ұзатылды, естідім жыламайды
Сезем ол, әлі мені кінәлайды.
Біз екеуміз көктемде қоштасқанбыз
Сондықтан маған көктем ұнамайды.

Ел кезіп кетсем бе екен бір ақындай,
Сол кезде мені бәрі ұғатындай.
Адамдар көктемді көп күтеді ғой
Ал көктем мені күтіп тұратындай.

Сезімім сенімімді сатып берді,
Қайта іздеп табайын бақытты енді.
Қыста келді келесі мезгіл көктем
Халық танып, жұбанар уақыт келді...

Іздеп сені тапсам да бара алмаймын,
Мен сол қара жігітпін ағармаймын.
Сұрайтыным: Қайтаршы сезімімді
Өзге ге де ғашық боп ән арнайын!