Get Mystery Box with random crypto!

Қылықты қыз деген кім? Жыраулардың поэзиясын парақтап отырса | Ынтызардың жазбалары ✨

Қылықты қыз деген кім?

Жыраулардың поэзиясын парақтап отырсаң «Алған жарың қылықты болсын» деген өсиетке еріксіз көзің түседі. Бұқар бабамызша айтсақ, «Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда?»
Сонда «қылықты болу» деген не нәрсе? Көп жағдайда қылықтылықты қылымсумен шатастырамыз. Шын мәнінде, қылықтылық – қыздарға қойылатын бір талап. Бізде білімді, оқуға құштар, әдепті, пысық, иманды қыздар болуы мүмкін. Бірақ, осы қылықтылықтың жетіспей тұратын кездері болады. Кейде қылықтылықтың болмауынан ортаға қабылдана алмайды екен. Сәлкен Балаубаев атты қазақтың ғалымы қылықтылықты «поведение» деп аударыпты. Бұл тәртіпке жақын мағына. Сонда, қылықтылық тәртіптің аясынан шықпауы керек, асып кетсе қылымсуға кетіп қалады. Қыздың әзілді түсінуі, адаммен қарым-қатынасты дұрыс жасауы, сөйлесе білуі, ұрыс-керістен қашуы, сыр бөлісу, сыр тыңдауы, біреуге ойын айтқыза білуі, өз ойын жеткізе алуы, көптің алдында сөйлей алуы, өзін ұстай алуы, күлкісі, бірнәрсені әкеліп беруі – осының барлығы қылықтылықтың аясына сыяды.