Get Mystery Box with random crypto!

Сенің де тағдыр дәптеріңе есімі ойылып тұрып жазылған бір жанн | Ынтызардың жазбалары ✨

Сенің де тағдыр дәптеріңе есімі ойылып тұрып жазылған бір жанның бары анық, алтыным
Әйтеуір бір себептермен күндердің бір күні Алла саған ол адамды жолықтыратыны сөзсіз. Ең бастысы, сен жаныңда қандай адамды көргің келеді, өзің соған сай бол. Біз, қыздар, қандай жігіт қалайсың десе? Үстіне киген киімінен бастап түріне дейін сипаттайтынымыз өтірік емес. Оқыған-тоқыған, ел көрген-жер көрген, ақылды жігіт керек дейміз. Енді сұрақ, өзің сол адамға сайсың ба?) Міне, мәселе қайда жатыр. Сондықтан, алдымен өзімізді өзгертеміз, оқимыз, ізденеміз, дамимыз. Сол кезде ғана, өзің дайын болғанда Алла саған ол адамды алдыңа әкеледі