Get Mystery Box with random crypto!

Мен – кетпеші дегенімменен, оралмайтынын, Білемін... Білмейм | Ынтызардың жазбалары ✨

Мен – кетпеші дегенімменен, оралмайтынын,
Білемін...
Білмеймін жүрегім неге алдайтынын?
Жаныңа ең жақын адам жаныңды жаралайтынын
Түсіндім.

Ыстықтың аяздай қарып, мұздың да оттай болатынын,
Бақ құсы адасып қалса, қайтадан таппай қалатынын,
Бір сәтте бөтенің – жақын, жақының – жатқа айналатынын
Түсіндім.

Мен – тым ерте келгеніменен көктемнің сызы болатынын,
Гүлдерді ызғардың үзіп алатынын,
Ең алғаш сүрінген жерде аяқтың ізі қалатынын
Түсіндім.

Мен бәріне көндікке сайын үміттің бос алдайтынын,
Бақыттың қолыңмен жасалмайтынын,
Адамға берсе де қанат, тағдырдан қаша алмайтынын
Түсіндім.