Get Mystery Box with random crypto!

Жаным менің Жан дертімнің дәруісің Сен барда баққа толы бар уы | Ынтызардың жазбалары ✨

Жаным менің
Жан дертімнің дәруісің
Сен барда баққа толы бар уысым
Тәңірге тәубе етемін,өзгеде емес
Тағдырымда дәл сенің барың үшін

Назарыңда көңіл күйім қас қабағым
Жанарымда жас тұнып жатсада мың
Өзіңдей жанға ғашық болғанымды
Маңдайыма бес елі бақ санадым

Жақсы көрем мен сені
Анық саған
Сенен өзге жанымды жан ұқпаған
Сен барда бақыттымын жайдарымын
Сенсіз өмір қараңғы тамұқ маған

Түсермізде күйерміз отқа қанша
Бір көрерміз жалған көзді жасқа малса
Мен сені жақсы көріп,сыйлап өтем
Жұмыр етім жүрегім тоқтағанша ...