Get Mystery Box with random crypto!

Жаурап жүрмін, Жылытатын жан бар ма? Жылулығы жете алатын таңд | Ынтызардың жазбалары ✨

Жаурап жүрмін, Жылытатын жан бар ма? Жылулығы жете алатын таңдарға. Аянышты қарамаңдар өтінем, Махаббаттан жаурап жүрген жандарға. Қандай суық, біз қыдырған күз бағы, Тәнім емес, жаным әбден мұздады. Өткен күннің есігінен сығалап, Тоңдырып жүр өкініштің ызғары. Алыстатып жібердік ау араны, Бәлкім содан көңіл суық, жаралы. Жүрегімді суырып ақ берейін, Кім жылыта алады? Қайғы деген - бұл бір сын! Шыдай берем, мейлі қанша тоңдырсын. Қыс келді ғой, Мен секілді көп адам, Бәлкім жаурап, жүрген шығар кім білсін