Get Mystery Box with random crypto!

Құрбыма   Бүгін маған құрбым келді: Құшақтап соңғы үмітін, ұйқ | Ынтызардың жазбалары ✨

Құрбыма
 
Бүгін маған құрбым келді:
Құшақтап соңғы үмітін,
ұйқысыз жүрген күн-түн.
Үйленіп кеткен басқаға
Сағынады екен жігітін.
 
"Сен мендей ессіз сүйіп пе ең?
Құлап кетсем бе биіктен?
Шылымның дәмін көрсем бе,
Ішім кетсем бе күйіктен?
 
Білмеймін ненің керегін,
Ақымақ мені демегің
Намазға егер жығылсам,
Тыныштала ма жүрегім?
 
Бүйткен өмірі құрысын
Жылап отырмын кім үшін?
Кетіп қалсам ба бір жақа
Тарылып кетті тынысым?"
 
Жасыңды ұзақ төккіздің
(Ұқсастығымыз көп біздің)
Сендегі күйді, жаным-ау,
Мен де басымнан өткіздім
 
Бүгін маған құрбым келді:
Бір күліп тағы бір жылап
Бітпейтін не ол мың сұрақ?
Жылулық меннен күтеді,
Жұбата алмадым мен бірақ
Жайна Минайдар