Get Mystery Box with random crypto!

Саңлақ сахаба Мұғаз ибн Жабал. Толық есімі: Мұғаз ибн Жабал и | Yerzhan Bakhytzhanuly

Саңлақ сахаба Мұғаз ибн Жабал.

Толық есімі: Мұғаз ибн Жабал ибн Амр ибн Аус Әл-Хазражи Әл-Әнсари Әбу Абдуррахман. Бәдір, Ақаба секілді маңызды оқиғаларға қатысқан ұлы сахаба.

Ибн Хажар ол жайында былай дейді: «Халал мен Харам ілімінде жолбастаушы имам, артықшылықтары жетіп артылатын тұлға».

Хазреті Омар Әл-Жәбия деген жерде жасаған құтпасында: «Кім фиқһты үйренуді қаласа, Мұғаз ибн Жабалға келсін», – деген. Хазреті Омардың ақылдасатын кеңесінің құрамында да Мұғаз болған. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны Йеменге мұғалім әрі қазы етіп жіберген еді.

Саңлақ сахаба һижреттің 18 жылы Шам жерінде Амуас атты мекенде оба ауруынан 37 жасында дүниеден өтті.
Алла тағала оған разы болсын!

Исоба. 3/427.