Get Mystery Box with random crypto!

Менің 4 түрлі күнім бар. • Білімді адамды кездестіріп, одан і | Yerzhan Bakhytzhanuly

Менің 4 түрлі күнім бар.

• Білімді адамды кездестіріп, одан ілім аламын. Бұл күнді пайдалы, олжалы күн деп атаймын.

• Мен өзімнен ілімі төмен біреуді кездестіріп, оған ілім беремін. Бұл күн менің сауап алатын күнім.

• Дәрежелес біреуді кездестіріп онымен дәріс қайталаймын. Бұл күнді дәріс күні деп атаймын.

• Соңғысы өзімнен білімі төменді кездестіремін. Бірақ, ол өзін менен жоғары деп есептейтін адам. Мен онымен сөйлеспеймін. Бұл менің демалыс күнім.

Халил ибн Ахмад әл-Фарахиди (оған Алла рақым етсін)