Get Mystery Box with random crypto!

ІІІ-бап. Сабыр ету 4-хадис (жалпы реті 28) وعن أنس رضي الل | ұстаз Ерсін Әміре

ІІІ-бап. Сабыр ету

4-хадис (жалпы реті 28)


وعن أنس رضي الله عنه قال‏:‏ لما ثقل النبي صلى الله عليه وسلم جعل يتغشاه الكرب فقالت فاطمة رضي الله عنها‏:‏ واكرب أبتاه‏.‏ فقال ‏:‏ ‏ "‏ليس على أبيك كرب بعد اليوم‏"‏ فلما مات قالت ‏:‏ يا أبتاه أجاب رباً دعاه، يا أبتاه جنة الفردوس مأواه، يا أبتاه إلى جبريل ننعاه، فلما دفن قالت ‏:‏ فاطمة رضي الله عنها‏:‏ أطابت أنفسكم أن تحثوا على رسول الله صلى الله عليه وسلم التراب‏؟‏ ‏(‌‏(‏رواه البخاري‏)‌‏)‌‏.‏

Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді: Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қатты қиналып (өлер сәтінде) есінен тана бастағанда, Фатима (қызы), оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Менің әкем қалай қиналып жатыр!”, - деп қысылды. Сонда Пайғамбар: “Осы күннен кейін сенің әкең еш уақытта қиналмайды”, - деді. Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін, Фатима: “Менің әкем, Өзіне шақырған Раббына жауап берді! Енді әкемнің тұрақтаған жері жәннәт бақтары болды! Әкемнің қазасын Жебірейілге хабарлаймыз!”, -деді. Ал оны жерлеген кезде, Фатима: “Иә халайық, сендер Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жерлегеннен көңілдерің жай тапты ма?!”, -деді. 

Бухари