Get Mystery Box with random crypto!

Имам Муслим (рахимаһулла) Сағд ибн Әбу Уәққастан (радыяллаһу а | ұстаз Ерсін Әміре

Имам Муслим (рахимаһулла) Сағд ибн Әбу Уәққастан (радыяллаһу анһу) риуаят етеді.
- Бір күні бір араби бедуин Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі) келіп:
- Маған айтатын сөз үйрет, - деді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
‏لا إلهَ إلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، اللَّهُ أَكْبَرُ كَبِيراً، والحَمْدُ لِلَّهِ كَثِيراً، وَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبّ العالَمِينَ، لا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إِلاَّ باللَّهِ العَزِيزِ الحَكِيمِ

Лә иләһә илләллаһ, уахдәһу лә шәрикә ләһ.
Аллаху акбар кәбира, уәл-хамду ли-Лләһи кәсира, уә субхана-Ллаһи Рабби-ль-‘алямин,
уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә би-Лляһи-ль-‘Азизи-ль-Хаким, - деп айт деді.

(Жалғыз Алладан басқа құдай жоқ. Оның серігі жоқ. Алла ұлық. Аллаға мақтаулар болсын. Әлемдердің Раббысы Алла Тағала пәк. Алла Тағала берген күш-қуаттан басқа бізде ешқандай күш-қуат жоқ.)
- Бұл сөздер Раббыма арналған. Енді өзіме (дүние - ақыретіме) қатысты сөздерді үйретші! - дейді.
Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
اللَّهُمَّ اغْفِرْ لي وَارْحَمْنِي، وَاهْدِني وَارْزُقْنِي
Аллаһумма-ғфир ли, уәрхам-ни, уәһди-ни,  уәрзуқни.
Уа, Алла Тағала!
Мені жарылқа, күнәларымды кешір
Мені рахымыңа бөле
Мені тура жолға баста
Маған рызық бер

@yersin_azkar