Get Mystery Box with random crypto!

Адамның намазы тірі намаз болуы үшін мына 6 нәрсе болуы керек. | ұстаз Ерсін Әміре

Адамның намазы тірі намаз болуы үшін мына 6 нәрсе болуы керек.

1. Жүректің намазда болуы.
Жүрекпен тек Алланы ойлау. Мидан намаздан басқа бүкіл ойды, артық нәрсені шығару.

2. Не айтып жатқаныңды түсіну.
Айтып, естіп тұрған аят-сүрелерді түсіну, мағынасына ой жүгіртіп, әсерлену. Түсініп оқу көбірек ықыласпен оқуға, ойды жинақтауға көмектеседі.

3. Ұлықтау сезімінің болуы
Алланың ұлықтығын сезіну. Өзіңнің құл екеніңді, кімнің алдында тұрғаныңды түсіну.

4. Қорқу
Алла Тағаладан қорқу ұлықтау сезімінен туындайды.

5. Үміттену
Алланың рақымын, мейірімін ойға алып Алла менің намазымды қабыл етер, күнәларымды кешер деп үміт етіп намаз оқу.

6. Ұялу
Күнәларыңды ойға алып, Алланың бәрін білуші екенін, періштелердің амал дәптәріңе жазып қойғанын ойлап ұялу.

Толығырақ дәрістен тыңдаңыз

@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ