Get Mystery Box with random crypto!

Білім алу әрбір мұсылманға парыз Бірінші Алла Тағаланы тануы | ұстаз Ерсін Әміре

Білім алу әрбір мұсылманға парыз

Бірінші Алла Тағаланы тануымыз керек. Және бұл, негізінде білімдердің ең абзалы болып есептеледі. Ғұламаларымыз айтқан, білімнің абзалдығы, ол білім сізге не үйретеді, соған байланысты.

Мысалы, бір білім сізге ағаштан бірнәрсе жасауды үйретеді. Бір білім малды емдеуді үйретеді. Үшінші білім адамды емдеуді үйретеді. Қайсысы абзал, әлбетте адамды емдеуді үйрететіні абзал. Неге, себебі адам Алла Тағаланың алдында басқа нәрселерден абзал. Ал енді, ең абзал нәрсе біздің Жаратушымыз болса, Жаратушымызды танытатын, Жаратушымызды үйрететін білім, Оның кәләмін үйрететін білім, бұл ең абзал білім болып табылады. Яғни, Алла Тағаланы тану біздің дүниеге келудегі негізгі мақсатымыз. Егер біз дүниеге келіп, барлық нәрсені тауып, бірақ Алла Тағаланы таба алмасақ, Алла Тағаланы тани алмасақ, онда бұл дүниеге бекерге келген боламыз. Негізгі мақсатымызды орындамаған боламыз.

Бірінші мақсатымыз, Жаратушымызды тауып, Жаратушымызды танып, Жаратушымызды біліп, Жаратушымызға құлшылық жасау. Олай болса, білімнің ең абзалы болған білімді үйренуіміз керек. Бірінші, Жаратушымызды тану, екінші, Жаратушымызға құлшылық жасауды үйрену.

ұстаз Ерсін Әміре дәрісінен