Get Mystery Box with random crypto!

Әссәләмуғалайкум уа рахматулла! Құрметті жазылмандар, ардақт | ұстаз Ерсін Әміре

Әссәләмуғалайкум уа рахматулла!

Құрметті жазылмандар, ардақты ұстазымыз марқұм Бауыржан Әлиұлы дүниеден өткеннен кейін ұстаздың каналы тоқтап қалған болатын. Себебі каналдағы барлық жазбаны ұстаз өзі жазушы еді.

“Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” демекші, Ұстазымыз өмірден өтсе де артында мол мұра, көптеген дәрістері мен еңбектері қалды.

Осы орайда Ұстаздың көзі тірісіндегі шәкірттері канал жұмысын қайта жандандырып, дамытуды жоспарлап отыр.

Алла қаласа, каналда Ұстаздың барлық жүйелі дәрістері мен уағыздары, бұл каналда жарық көрмеген Ұстаздың ескі жазбалары жарияланатын болады.

Сондықтан каналдағы жазбаларды бөлісіп, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз! Алла баршамыздан разы болсын!

@bauirjanaliuli