Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН УМРА САПАРЫ ҚАЙТА АШЫЛУЫ МҮМКІН Қазан ай | ұстаз Ерсін Әміре

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН УМРА САПАРЫ ҚАЙТА АШЫЛУЫ МҮМКІН

Қазан айының соңғы он күндігінен бастап Алматы - Джидда және Алматы - Мәдина маршруты бойынша әуе рейсы қайта жалғасатын болады. Халықаралық тасымалды SCAT компаниясы аптасына бір мәрте жүзеге асырады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.

Әуе рейсі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра жүзеге асырылатын болады. Егер пандемиялық ахуал жақсаратын болса, рейстерді көбейту жоспарда бар.

Әуе рейстерінің қайта ашылуы қазақстандықтар үшін қасиетті Мекке мен Мәдина қаласында умра қажылық рәсімдерін орындауға мүмкіндік береді.

Алайда, қажыларға қойылатын бірнеше арнайы талаптар мен міндеттемелер бар.


@ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары

Каналға жазылуды ұмытпаңыздар