Get Mystery Box with random crypto!

Осыдан отыз жеті жыл бұрын қайда болдың, жасылбас шырпы! Жасы | YerlanGo - 21 😊

Осыдан отыз жеті жыл бұрын қайда болдың, жасылбас шырпы!

Жасылбас шырпының сүйегі қатты болып есептелетін еді, шырпы төбелестіргенде кәдімгі қызылбас (Ираннан емес) шырпыларды қирататын. Үнемі ұтыла бергенмен, жұдырығы үлкендеу Нұркен бір күні жасылмен жасыл ғана төбелесуі керек деген үкім шығарды. Сөйтіп, ғайыптан тауып алған жасылбас шырпымның жеңіс жолы аяқталды. Бірақ, қызылбас шырпының ішіне ұсақ ине тығып, лактеп қатайтып төбелестіре бердік. Оны да біліп қалды бірақ.
Қазір қарашы, көзге күйік болып дүкенде толып тұрғанын. Осы, өмір дегенің болмайтын тірлік, қарап тұрсаң.