Get Mystery Box with random crypto!

Украинада радиоәуесқойлар жыртып жатыр, қолдан неше түрлі дрон | YerlanGo - 21 😊

Украинада радиоәуесқойлар жыртып жатыр, қолдан неше түрлі дрондар жасап тастады. Тіпті кейбір әуесқойлар топ болып, фирма ашып алды. Мемлекеттен тиын істемейді: өздері ақша жинап, өздері құрастырып, армияға тапсырады. Рас, армия тарапынан жойылған техника үшін сыйақы берілуі мүмкін, бәлкім, содан тиын істейтін шығар.

Бес мың доллардың дронымен екі миллион доллардың танкісін өртеу, ондаған миллион доллар тұратын зымыран кешендерін жою басты идеяға, тіпті спортқа айналды. Кәдімгі радиотелемастерлер бұрын тіпті болмаған дрон жасау кластерін қамтып тастады. Қолдан жасалған лақтыру механизміне кәдімгі гранаталарды қыстырып, қырып жатыр.

Қазақстанда Қарағандының радиоәуесқойлары мықты еді бұрын. Қазір жоқ шығар. Ақтөбеде де біршама болды, бірақ ішінде бір қазақ жоқ еді, жолатпайтын.