Get Mystery Box with random crypto!

#Пси ПАПА ТАК ПЕРЕЖИВАЕТ Көктемнің бір кешінде қап арқалап ке | YerlanGo - 21 😊

#Пси
ПАПА ТАК ПЕРЕЖИВАЕТ

Көктемнің бір кешінде қап арқалап келе жатқан өзбек Зәкірді "семерка" қағып кетті. Аяғын сындырды. Басын жарды. Көргендердің айтуы бойынша, руль иесі шығып алып... ұрысыпты. "Ходят тут всякие!" деп.

Гастербайтер қауым бұған не істерін білмеді. Екеуінің біреуі паспортсыз қаңғы ғой. Ал әрқайсының жартылай күңгірт іспен айналысып жүргені тағы бар. Санитарлар келіп, "кәне умывальниктерің?" деп; өрт сөндірушілер келіп, "кәне баллоның?" деп, екі күннің бірінде қанап жататын мүсәпірлер еді де.

Бірақ, әлгі көлік иесінің ең болмаса Зәкірдің халін сұрамағаны, халі несі - ең болмаса есімін сұрамағаны намыстарына тиді. Бұлай қалдырмайық деп, арыз жазды. Ғажабы сол, келімсектерді ит ғұрлы көрмейтін милиция* тергеудің дөңгелегін айналдырып келіп жібергені. Сол-ақ екен, қырыққалмақ тұратын барағымызға делегация ағылсын.

Алдымен бір шайпау әйел келді. Кешірім сұрағаны несі, соттатамын да оттатамын деп, өзіміздің зәремізді алды. Бір сәт кісісін өлтіріп қоймадық па деп, ақыры өзіміз уайымдадық.

Сосын үш күндік тыныштық орнады. Төртінші күні үлде мен бүлдеге оранған қыз келді. Әлгі қылмыскер әкесі екен, қамауға алыныпты.

Сондағы әңгімеміз былай.

Мен:
- А почему мы должны забрать заявление?

Қыз:
- Блин, вы же казах, я же вижу! Что, своих сдаете?

Мен:
- Ну вы хотя бы понимаете, что произошло и как вел себя ваш отец?

Қыз:
- А что, он должен был умолять, просить прощения что ли?

Мен:
- Вы вообще понимаете, что происходит?

Қыз:
- Что вы меня лечите? Знаете, как переживает отец? У него лица нет уже!

Мен:
- А у нашего нога сломана, разбито лицо. Кажется, нашему тяжелее все таки...

Қыз:
- Вы что думаете, моему отцу легко? Я же говорю, папа очень переживает, перед арестом несколько дней не спал! Ему тоже тяжело!

Мен:
- Но у нашего нога сломана, он уже не может работать, родных нет, вы это понимаете?

Қыз:
- Вы что, намекаете на деньги? Какие вы сволочи, удержали за жабру человека и хотите заработать на этом! Ну и что, что нога сломана - до свадьбы заживет; я же говорю - и папе нелегко!!!...

Сол күні ішімде бірдеңе өліп қалғаны қалғаны анық. Жаманы, бас қайғысын басқаныкімен салыстырып, көңіл-күйін бұлдайтын адамдарды содан кейін де көп кездестірдім, әлі де кездестіріп жүрмін...

___
* - 1998 жылға дейін полиция "милиция" деп аталды. Әңгіме сол кездегі, сол жердегі сақшылар туралы. Полицияны жамандай беретін "зэк" психологиясынан құтылу керек.