Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша цитата & мотивация 🕊

Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊 Қ
Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊
Арна мекенжайы: @woow7
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.02K
Арнадан сипаттама

... s𝒆𝒏𝒅𝒆𝒈𝒊 𝒂𝒍𝒆𝒎𝒈𝒆 𝒎𝒆𝒏 𝒌𝒆𝒍𝒅𝒊𝒎 🌸

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-01 19:48:34 ​​ Алматым, табиғатыңды аяламағаны үшін ренжіп, бұлт пен түтінмен келісіп алғандай тауыңды жасыра көрсетпей қоясың. Кейде керісінше мен сұлумын деп, міндетсінесің, сондай кезде кетіп қалсам сол секундта жылай салатындайсың.
2.8K views16:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 18:38:00 ​​ Күннің салқын самалы мен жел есіп тұрған уақытта сыртқа шыққым келмей ішімнен сәл күрсініп, ішімдегі мұң мен зардан шаршап амалдың жоғынан терезе жаққа беттедім. Қу тіршілік сол баяғы. Бір адамдардың жүзінде күлкі, ал бірінде мұң. Көліктер әрлі - берлі өтіп жатыр.

Бір уақытта бір аяғы жоқ бір кішкентай қыз аялдама жаққа кетіп бара жатыр екен. Қолында әдеттегідей таяғы бар. Жүріп келе жатыр. Біраз қарап тұрдым. Жүзінде еш мұң байқалмайды, қайта өмірге деген құлшынысты байқадым. Сосын өзіме қарап әшейін бір сынаққа бола сынып қирап жатқаныма қарап есімді Алла 1 секундта жиып берді.

Біз кейде болмайтын затқа бола ренжіп, өзімізді, жүрегімізді ұмытып жатамыз. Сол кезде жаратылысқа, айналамызға кішкене қарап қойғанда дұрыс болар.
655 viewsedited  15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 19:31:43 ​​ Адам тек өзінде барға емес, өзгелер үшін де шүкір етуі керек екен. Мәселен, Жаратқанға ризашылығыңызды білдіріп, оны мадақтап, сол адамда бар ризықты атап, сол адам үшін қуанып, сол адам үшiн шынайы шүкір етесiз. Сондай жүректе кiр қала ма?
1.3K views16:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:08:42 ​​ Кітаптың құдіреті ғой. Сені ол қайда апармайды, кімдермен таныстырмайды?! Үйде отырып-ақ көз көрмеген, құлақ естімеген дүниенің нешеме түкпірлерін шарлап шығасың. Жолында жақсы да, жаман да кездеседі.
640 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 14:08:57 ​​ Әрбір жанның жүрегі сыр сандық, оның іші толған сыр. Ал құлыпы ешкім біле бермейтін биік құзда сақталған сияқты. Ол сандықты ашуға тек күші мен жігері жетіп, құз басына шыққандар ғана құқылы. Ал өкініштісі, ол құзға шықпай-ақ, сенің сандығыңды сыртынан ғана бағалап, сен жайлы білгендей болатын жандар бар ...
636 views11:08
Ашу / Түсініктеме