Get Mystery Box with random crypto!

Кванттық компьютерлер ғажабы Бәріміз үйде, офиста немесе оқуд | wiisaus café

Кванттық компьютерлер ғажабы

Бәріміз үйде, офиста немесе оқуда қолданатын қарапайым компьютерлер туралы жақын келешекте "классикалық компьютерлер" деген атама қолданыла бастайды. Өйткені, біз қазір қарапайым компьютерлердің техникалық мүмкіндіктерінің шекарасына біраз жақындап қалдық, оның үстіне, ғылым-білім саласында ең заманауи суперкомпьютерлердің де мүмкіндіктері жетпейтін жағдайлар кездесіп жатыр. Анығырақ қылып айтқанда, біздің қазіргі компьютерлеріміздің "жүрегі" боп табылатын транзисторлардың өлшемі техникалық жағынан жасап шығару мүмкін болатын шекараға жақындап қалды. Жасап шығарушылар тұтас бір процессор ішіне мүмкіндігінше көп транзисторларды сыйдыру арқылы оның есептеу қуатын арттыруға тырысады. Кәдімгі компьютерлердің процессорларында транзисторлардың мөлшері микрометрдің көлеміне дейін азайтылған. Мысалы, Xbox ойын платформасы процессорында миллиардтан астам транзистор бір ғана сіріңке қорабындай өлшемі бар жерде жинақтап орналастырылған. Бұл дегеніміз - қазіргі компьютерлердегі процессордың бір транзисторының өлшемі шамамен 10 миллимикронға (1 миллиметрдің жүзден бірі) тең деген сөз. Толық оқу үшін жалғасы

Мақала авторы wiisaus café қоғамдастығының мүшесі - Beybit Argınbay