2024-06-27 14:40:07
Грек биліг яхтадан атылған отшашу Гидра аралындағы өртке әкеп соққанын зерттеп жатқан уақытта OCCRP-ге келіп түскен ақпарат кемеде танымал қазақстандықтар болғанын, олардың келесі күні жеке ұшақпен грек елінен ұшып кеткенін көрсетіп отыр.
Өткен жұма күні кешкісін, күн қайнап тұрған уақытта Гидра жартасты аралында болған өрт 300 мың шаршы метр аумақты қамтып, Грекияны қауіптің құрсауына алды.
Ұлттық өрт қызметінің от қоюды зерттеу бөлімі сенбі, 22 маусым күні грек жағынан болған 13 экипаж мүшесін қамауға алғанын хабарлады. Аптасына 250 000 еуроға жалдауға болатын сән-салтанаты келіскен кеме қонақтарының бірде-бірі ұсталған жоқ.
«Муниципалитет тергеудің соңғы нәтижесін күтіп, содан кейін кінәлілердің барлығына қарсы шара қабылдап, олардан өтемақы талап етеді», – деп мәлімдеді Гидра мэрі Гиоргос Кукудакис OCCRP серіктесі Inside Story басылымына.
Журналистердің қолына түскен құжаттарға сүйенсек, «Персефони I» кемесіндегі қонақтар қатарында Қазақстанның жеті азаматы болған. Олардың арасында еліміздегі ең бай бизнесмендердің бірі Данияр Абулғазин бар.
Гидра аралы маңындағы яхта ішінде тағы кімдер болды? Толығырақ Inside Story, OCCRP және Власть жүргізген зерттеу мақаласында.
4.9K views11:40