Get Mystery Box with random crypto!

Қарғын

Telegram арнасының логотипі vgyevsue — Қарғын Қ
Telegram арнасының логотипі vgyevsue — Қарғын
Арна мекенжайы: @vgyevsue
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14
Арнадан сипаттама

Сұр қаланың қара қызы, көктемнің ерке гүлі❤

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-06-24 05:52:23 Авторға ғашық болу- азап, оқырманға ғашық болу- тіптен сорақы.

Ерлан Жүніс
20 views02:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 19:42:09 Бөлеек
25 views16:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 13:49:47 Құрмаш Маханның сұқпатын бастап көрдім. Қара қыз көре бергісі келді, тындай бергісі келді. Бірақ, адам ретінде аяқтамай, шығып кетті. Бәлкім, қыз ретінде.
Қызығу керек пе, ренжу керек пе екен...
24 viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 09:43:16 Адам итті неге жақсы көреді?...

Ит адамға неге соншалықты берілген?..

Мүмкін болмыстарында үндестік бар ма екен?..

Сұрақтарымызға жауап іздеп көрелік... Адамдар — итті жақсы көреміз деп ойлайды. Бірақ өздері мойындағандай дәрежеде жақсы көрмейтін болар. Олай болған жағдайда адам "ит" дегенге арланбас еді... Ал иттің адамға сенімді серік болуының себебі оның адамға тәуелділігінде де, сүйіспеншілігінде де емес секілді. Ас құйғанның бәрі адамға табына кетер болса, асыранды қасқыр орманға қарап ұлымас еді... Асылы, үшінші сұрағымыздың күмәнінен үш сұрақтың да жауабы табылып қалар деп ойлаймыз...

Ит байғұстың адамға сонша берілуі оның саналылығынан емес, жаратылысынан. Ит адамды жақынсырап жақсы көрмейді. Тәңірдің, Жаратылыстың, бір сөзбен айтқанда Алланың бұйрығымен істейді...

— Ал адам пақырдікі не?..

Адамдікі басқалау. Адам саналы жаратылыс. Ол өз ақылымен ойлап, тіпті туған ұлын да бірде жақсы, бірде жаман көре алады. Бұлардың — өр кеуделісінен гөрі жер кеуделісін жақсырақ көруі, кемеңгеріне деген сүйіспеншілік сезімінен төмендеріне деген аяушылық сезімінің басым жатуы — ойлануға тұрарлық нәрсе. Адамға өзінен ақылдыдан гөрі өзіне бағынышты жан қадірлірек... Барлық биліктілердің өз қастарына ыңғайына көнгіштерді жинайтын қасиетінің астары да осы жерде жатқан секілді. Адам өзіне жұғымдыға құмар-ақ. Құйрығын бұлаңдата мүләйімсіп тұрған ит пен жағымпаз адамның арасынан айырма таба аласыз ба?.. Иттердің — өзі тұқымдас итті өшіге талайтын қасиеті адам аттылардың да төл мінезі...

Демек біздердің достығымыз бен сүйіспеншілігіміздің астарында, иттегі жаратылыс берген қасиет пен адамның өзгенің өзіне бағыныштылығын көргісі келетін өзімшілдігі жатырған секілді...

Сайын Назарбекұлы "Ит мінезділер"

@kitapuzindisi
22 views06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:45:52 Кешесің бе, ей, жүрек, қайта ойласам?
Қайта алдасам, сенбеші! Сана керек...
"Мен өмірді сүйем!..." деп айқайласам
Дауысым неге шықпай қала беред...

Жадыра Байбұланова


#бүгінгі_жыр
18 views14:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 08:41:33 Бал-бұл жанып, қуана жайнап тұрған Меңтайдың жүзі маған бұрынғысынан да сұлу, сүйкімді көрінді. Егер жұрттың бəрінде бірдей менің көзім мен жүрегім болса, онда Меңтайды бар студент, бүкіл ғалам жер үстіндегі ен сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар еді-ау, шіркін! Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп қояр едім мен. Бірақ кедей студент менің қолымнан махаббат пен тұрақтылықтан басқа не келеді десеңші.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

@kitapuzindisi
19 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 19:28:48 Ойлап жатырмын да, Мұқағалида да телеграмм канал болғанда ғой...
20 views16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 10:05:08 Мен үшін бұл абсурд саналғанмен, сен үшін маңызды болса қолдаймын. Себебі, дәл осы мәселеде ессіз болғаныңмен қалған жерде сенен артық есті жоқ.

Өз адамың
19 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 19:57:55 Есіл, Сұр қаламен сырласшы.. Мұңдарын бір секілді
22 views16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 19:52:39 "Ооо, найзағай соғып жатыр. Ертең саңырауқұлақ теруге барайық" дегім кеп тұр..
22 views16:52
Ашу / Түсініктеме