Get Mystery Box with random crypto!

Киіндім де шығып кеттім. Кеттім де, 'Жеңіс' саябағына дейін жа | Қарғын

Киіндім де шығып кеттім. Кеттім де, "Жеңіс" саябағына дейін жаяу жүрдім. Тамақта тас болып тұрған бір нәрсені ішке кетіре алмай, ұстап үнсіз жүре бердім, жүре бердім. Көздегі моншақтар жолды көрсетпейді. Адамдарға сырт бұрылып, әрі қарай жүремін. Әркез менімен үндестікте болуды сүйетін сұр қала да бүгін мені құптамайтындай. Маған назар да аудармады. Иә, іште дауыл ойнап жатыр. Бәлкім, құйын. Көңіл ғана сол күйінде, мұзды өлке. Бағана үнсіз болуым керек еді. Сөзім аяғына жетпей тоқтады. Содан бері үнсізбін. Маған сол жарасады...