Get Mystery Box with random crypto!

Халық парламенті сайлауды қайта өткізуді талап етті 1 сәуір к | Boreiko.kz

Халық парламенті сайлауды қайта өткізуді талап етті

1 сәуір күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Халық Парламентінің алғашқы жиналысы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз үміткерлер, белсенділер мен баспасөз өкілдеі қатысты.

Халық парламентінің алғашқы қарары келесідей:

1) Саяси тұтқындарды босату;
2) Әлихан Смайловты орнынан алу;
3) Президенттік жүйені парламенттік жүйеге ауыстыру;
4) Сайлау легитимді емес деп танылсын;
5) Сайлау қайта өткізілсін;
6) "Аманаттың" қызметін тоқтату күн тәртібіне қойылсын;
7) Петропавлдағы сеператистерге байланысты СҚО-дағы ҰҚК басшысы қызметтен алынсын;
8) Ресей үстемдігіне жол беруге болмайды;
9) Халық парламентінің негізі құжат ретінде қабылдансын.

Есепті сілтеме бойынша қараңыз: