Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті талапкерлер! Жалпы универлерге грантқа құжат тапсыру | Үздік БІЛІМ

Құрметті талапкерлер!

Жалпы универлерге грантқа құжат тапсыру басталып кеткендей сияқты.

“Жар таңдау қандай қиын болса, мамандық таңдау соншалықты қиын” деген сөз бар. Соған сәйкес өз сүйікті ісіңізге жақын мамандықты қарасырып көріңіз.

Енді, кішігірім менен мүмкін пайдалы кеңестер:

1. Елімізде мамандық таңдаудан бұрын, оқу орнын таңдау абзалырақ! Мәселен, сіз қарапайым универге программистке тапсырсаңыздар да, IT универлерде оқитын қарапайым информатиктерден де аса алмауыңыз әбден мүмкін! Ол шындық. Себебі атмосфера бәрібір өзінкін көрсетеді, әсер етпей қоймайды.

2. Бірден шетелге асықпаңыздар, себебі елдегі білім әрине шетелмен салыстыруға келмес, дегенмен елде оқу, ішкі жағдаймен жақсырақ танысып, білген жақсы. Өз жеріңде сен бәрібір “свойсың”. Одан қалса, шетелде болмашы универде рейтингі нашар жерде оқығанша, Қазақстанда менмін деген универде оқыған жақсы.

3. IT-ге түскеннің бәрі болашағы жарқын болып, бәрі гугл мен амазонда істеп кетеді деген сөз емес! Сіздер білетін, естіген, танитын адамдарыңыз, олар мүмкін 1000-нан бірі ғана болар. Ондай есеппен әрбір мамандықта ондай адамдар шығады деген сөз))) Мамандық деген сіз сүйетін іспен пара пар болу керек!

4. Ал егер оқуға түспей қалып жатсаңыздар, өмір онымен тоқталып қалмайды, қатты қайғырып, көрінгеннің бәрін кіналаудың қажеті жоқ.
Егер біле білсеңіздер, шетелде, дамығын елдерде мектептен кейін 1-жылдық демалыс деген ұғым бар, яғни мектептен демалып, өзін іздеуге уақыт алу деп біледі. Сөйтіп барып оқуға барады. Ал біздің елде, егер өз қатарластармен түсе алмай қалсаң, тым ұят көреді. Ал ол өте бұрыс ойлау, және ол стериотиптен арылу керек.

Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес демекші,
барлықтарыңызға сәттіліктер тілеймін!