Барлықтарыңызға сәлем!Естеріңізде болса, осы мамырдан бастап
“Үздіктер” деген жоба бастап, оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен
75-тен аса оқушы қатысуға ниет білдіріп, оның бәрі есеп шығаруды бастап кеткен болатын.
Дегенмен 2-айлық іріктеу кезеңі нәтижесінде кемі
75 есеп 6-7 сыныптар үшін, ал
8-11 сыныптар үшін кемі 150 есеп болып, және кейін әрбір қатысушымен сұқпат түрінде емтихан алған болатынбыз.
Міне, 2-айлық іріктеу кезеңнен осы
11 оқушымыз сүрінбей өтіп, негізгі
“Үздіктер” тобына өтті.
Енді олармен арнайы жұмыстар жүргізілетін болады.
Ал іске сәт!Қосымша ақпарат үшін:
Өтпей қалған оқушылар жайында олар мүлдем есеп шығара алмай, сол үшін өтпей қалған деген ойдан арылыңыздар, себебі 50-60тан асқан есептер саны оқушылар да болды.
Оларға сәл еңбек пен жігер жетпей қалса керек!
Дегенмен оларда осы 2-айлық іріктеу жобасынан өзіне жақсы сабақ алды деп ойлаймын!