Get Mystery Box with random crypto!

Ұ20. Жаңа ғана Red Dead Redemption 2 деген ойынды ойнап бітірд | ҰЯТМЭН

Ұ20. Жаңа ғана Red Dead Redemption 2 деген ойынды ойнап бітірдім. 6 ай бойы ойнадым. Финалда Артур Морган ( басты кейіпкер ) өлетінін білдім. Ойынның ең соңғы жағы, яғни Артурдың өлетін жеріне келіп ойынды ұзақ уақыт создым. Себебі Артурды қимадым. Ойынның соңына келдім, Артур өлді. Мен бала сияқты көз жасымды тия алмай жылады. Осыған дейін бірнеше ойын, кино, сериял көрдім. Бірақ басты кейіпкер өлгенде бұлай жыламаппын. Артурдың оқиғасы мүлде бөлек. Түсінесіңдер ме, я мүмкін психологиялық тұрғыдан әлсіз шығармын, бірақ та ол ойынды жылусыз аяқтау өте қиын. Егер араларыңда осы ойынды ойнап бітіргендер болса айтыңдаршы, қандай сезімде болдыңдар ? Көптеген адамдар бейнеойындарды баланың дүниесіне теңейді. Бірақ бейнеойындар ол бөлек әлем. Бұл шындықтан қашу, өз әлеміңде уайымсыз өмір сүру, бұл құдды анаша секілді, уақытша әсер береді. Және содан рахат алып барлық проблемаңды ұмытасың. Red Dead Redemption бейнеойындар тарихындағы әзірге ең үздік ойын, және Артур Морган ең үздік протагонист. Ол мені жылата алған жалғыз кейіпкер.

Ұятмэн