Get Mystery Box with random crypto!

Ұ20. Қазір рамазан айы және тиісінше осы айда дұға жоралғылар | ҰЯТМЭН

Ұ20. Қазір рамазан айы және тиісінше осы айда дұға жоралғылар көптеп оқылып, көбірек ұйымдастырылады. Мысалы ретінде Тарауиих намазын айтайық, мен өзім дінді қатты ұстанбайтын адаммын, (құдайыңды танысаң, дінді ұстанып не керегі бар жалпы). Содан кеше досым қоймай қойған соң барған едім, өзім ойлағандай еш ұнаған жоқ, еш қызықтыра алмады былай айтқанда. Содан достарыма енді мені мұндай жерге қыстап әкелмеңдер деп едім, біразы ренжігендей болды. Негізі мұның бәрі көзбояушылық деп есептеймін, әлемдегі соғыстың бәрі де осы діни соғыстардан туындап отыр, ал нақтылайтын болсақ, тікелей ислам дінінің әсерінен, Ауғанстан, Сирия, Пәкістан, Палестина бәрі-бәрі осы діннің кесірінен соғыс болып жатыр. Ал сіздер не ойлайсыздар? Дінді беріліп ұстанған қаншалықты дұрыс, менің ойымша құдайыңды жүрегіңде ұстап, оны жария қылмай-ақ қойғанның өзі жетіп жатыр, зайырлы мемлекетте тұрамыз дейміз, істеп отқанымыз мынау, комментке жаза кетіңіздерші...

Ұятмэн