Get Mystery Box with random crypto!

SAT, ACT, IB халықаралық сертификаттары бар тұлғалардың НАЗАРЫ | TESTCENTERKZ

SAT, ACT, IB халықаралық сертификаттары бар тұлғалардың НАЗАРЫНА!

Егер Сізде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған сертификаттары бар болса, СІЗ оларды білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы бөлімге қабылдану үшін ҰБТ балдарына ауыстыра аласыз.

АУЫСТЫРУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
SAT reasoning және SAT subject балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда, ал SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда;
Тек SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша;
ACT балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша;
IB балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырады.

АУЫСТЫРУ ЖОЛЫ:
Ұлттық тестілеу орталығы деректер базасына тіркелу;
Негізгі ҰБТ өтетін мерзімде app.testcenter.kz сайты арқылы «SAT/ACT/IB сертификатының иегерлері үшін» тетігін таңдап, халықаралық сертификаттарды жүктеу арқылы өтініш беру.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
Халықаралық стандартталған сертификаттардың балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы туралы ақпарат қосымша жарияланады.

___________________________

Вниманию обладателей международных сертификатов SAT, ACT, IB!

Если у Вас имеются сертификаты международных стандартизированных тестов SAT, ACT, IB, то Вы можете участвовать в конкурсе на присуждение образовательного гранта или зачислиться в ВУЗы на платное отделение, конвертировав их в баллы ЕНТ.

КОНВЕРТАЦИЯ ПРОИЗВОДИТСЯ ПРИ УСЛОВИИ:
наличия сертификатов SAT reasoning и SAT subject. При этом поступающие сдают ЕНТ по предмету История Казахстана и баллы SAT subject переводятся в баллы ЕНТ при условии совпадения профильных предметов;
наличия сертификатов SAT reasoning. При этом поступающие сдают ЕНТ по предмету История Казахстана и двум профильным предметам;
сдачи ЕНТ по предмету История Казахстана для перевода баллов АСТ;
сдачи ЕНТ по предметам История Казахстана и Грамотности чтения для перевода баллов IB.
СПОСОБЫ КОНВЕРТАЦИИ:
Регистрация в базе данных Национального центра тестирования;
В сроки проведения основного ЕНТ на сайте app.testcenter.kz подать заявку, нажав на кнопку «для обладателей международных сертификатов SAT/ACT/IB» и загрузить международные сертификаты.
Подлинность и срок действия представляемых сертификатов проверяются приемными комиссиями ВУЗов.
Информация о шкале перевода баллов международных сертификатов в баллы ЕНТ будет дополнительно опубликована.